ҚОРЖЫНҒА 3 АЛТЫН ТҮСТІ

0

Жуырда жасөспірімдер мен жастар арасында ұлттық спорт түрі жекпе-жектен Жамбыл облысының ашық турниры аяқталды. Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналып, кім мықтыны анықтаған болатын.
Қордай ауданының намысын «Қордай Батыр» клубынан Қайрат Катчибаевтың тәрбиеленушілері қорғады. Тартысты жекпе-жек нәтижесінде 69 кг салмақта Нұржауған Нұрғазы, 39 кг салмақта Орманбек Мирас және 53 кг салмақта Хуров Эмиль жеңіс тұғырынң ең биік сатысына көтеріліп,н алтыннан алқа тағынды.
«Алда бізді басқа жарыстарға қызу дайындық күтіп тұр. Менің шәкірттерім талай айтулы додаларда жеңіске жететініне сенім мол. Оларда ең бастысы жеңіске деген құштарлық, чемпионға тән мінез бар», — дейді Жамбыл облысының «Жекпе-жек» федерацясының Президенті Қайрат Катчибаев.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.