ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

0

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзі-өзі басқарудың, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру,бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасауды көздейді»,- көрсетілді.

Ұлттық, рухани құндылықтар – сол ұлттың болмысын, мәдениетін, тілін, дінін, өнерін көрсететін шарайна. Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері ұрпаққа ұлттық құндылықтарды ұлықтау жолында келелі жұмыстар атқарылуда. Жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтарды сақтап, күнделікті өмірде ұстана білу – бүгінгі күні ұрпаққа артылған аманат екені анық. Жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасатын ұлттық құндылық  —  2023-2024 оқу жылында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында айқын көрініс табуда.

Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты, 2013 жылы негізі қаланған Масаншы ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығының 10 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында ұйымдастырылған «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі қосымша білім берудің рөлі» тақырыбында өткен аудандық іс-шара барысында өскелең ұрпақтың өнер — білім жолындағы талпынысына тоқталғым келеді. Қолөнер, спорт, ән, би бағыттары бойынша бар өнерін паш еткен балалармен қатар балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмысын мерекелік жалпылау, шығармашылық есеп беру салтанатты шарасына білім бөлімінің, қосымша білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мекеменің ардагер ұстаздары, орталықтың түлектері және ата-аналар қатысты.

– Біртұтас тәрбие бағдарламасы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі:

– оқу пәндерінің мазмұны;

– сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар;

– сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі іс-шара — соның дәлелі -деді өз сөзінде білім бөлімінің басшысы С.Аширбеков.

Жалпы білім беретін орта мектептер білім алушыларды базалық біліммен қамтамасыз етсе, қосымша білім беру — жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, бойындағы 1% таланттың кемеліне келіп, толықтай ашылуына ықпал ететін бірден-бір орта.

Бүгінде оқушылардың 81% қамтып отырған білім бөліміне қарасты 9 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. Осы әріптестеріміздің алдағы уақытта оқушылардың үйірмеге деген ықыласын арттыра отырып, ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен дарынды балаларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп, сұлулыққа, тазалыққа, ең бастысы ұлттық, рухани құндылықтарды дәріптеудегі үздік тәжірибелерімен бөлісетін жұмыстарына сәттілік тілейміз!

А.КОНБАЕВА, білім бөлімінің әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.