«ТУҒАН ЖЕРДІ ЖЫРЛАҒАН ТАЛАНТ»

0

Облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Еңбек даңқы орденінің иегері, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың шығармашылығын насихаттау мақсатында Күнбатыс-2 ауылдық кітапханасында «Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр» атты жыр-кеші өтті.

Туған жерден жырақтамай-ақ әдебиет әлемінде өзіне тән соқпақ салған дарын иесі, ақындық пен сазгерлік қатар дамып, үйлесім тапқан Қасқырбай Нарбатырдың өмірлік және шығармашылық жолдары туралы кітапханашы Болусбекова Эльмира таныстырып өтті. Өмірін өлең деп ұққан ақынның «Арай-мұң», «Көшеді күндер», «Құс үні» атты жинақтарынан 5-6 сынып оқушылары: Марат Айым «Сағыныш», Рустембек Алияна «Өмір-өзен», Әділ Баян «Есігім алды қара тал» өлеңін мәнерлеп оқыды. «Туған жерді жырлаған талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кеш соңында оқушылар ақын-сазгер жайлы бейнефильмді тамашалады.

Қордай аудандық кітапханасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.