ҮКІЛІ АРУ

0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларындағы тарихи сананы жаңғырту, жастарға ұлттық тәрбие беру, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, өнегелік қасиеттерін бойына сіңірген парасатты қыз балаларды тәрбиелеу мақсатында  аудандық  «ҮКІЛІ АРУ»  байқауы өтті.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші бас жүлдені ақылына көркі сай Ноғайбай ауылындағы Ауыл шаруашылығы  колледжінің студенті Аяжан Айтуарова жеңіп алса, 1-ші орынға №7 «Бетқайнар» колледжінің білімгері Мадина Сақыпова ие болды, 2-ші орынды осы аталған білім ошағының студенті Хадидже Тепер мен Степной ауылының аруы Айнұр Бүркітбай бөліссе, 3-ші орынды Өтеген ауылының аруы Адель Алимқожаева мен Көктөбе ауылының аруы Зейнеп Сартай өзара бөлісті. Байқау қатысушылары дипломмен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.