ҮЗДІК МОБИЛОГРАФТАР АНЫҚТАЛДЫ

0

Ауданымыздың 95 жылдығына орай жуырда Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мобилографтар арасында «Біздің өлкеміздің тарихы» атты аудандық байқау жариялаған болатын.

 

Байқау шарты бойынша қатысушылар өз туған ауылының тарихи орындарын, әсем табиғатын ерекше етіп түсіріп, кіндік қаны тамған мекеннің кереметін камераның көмегімен жеткізе білуі тиіс болды. Бір айға созылған сайыста аудан бойынша 10-нан астам мобилограф бақ сынап, өлкеміздің бай мәдени мұрасы мен тарихи сәттерін бейнелейтін алуан түрлі және креативті видеороликтерді ұсынып, өздерінің қабілеттерін барынша көрсетуге тырысты.

Шығармашыл жастарды қолдау және өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық рух, патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған байқаудың нәтижесі де белгілі болды. Дарынды жастардан келіп түскен жұмыстарды әділ-қазылар алқасы қарап, үздіктерді іріктеді.

Сонымен креативті түсірілім жасап, сапалы кадрларды көрсете білген жеңімпаздар төмендегідей:

«Үздік идея» номинациясын Үлкен Сұлутөр ауылынан – Дүйсен Айбек, «Көрермендер таңдауы» номинациясын Жамбыл ауылынан – Замир Көмекбаев, «Тарихи деректі» номинациясын Отар ауылынан – Тайғарбаева Шынар және Аршабекова Әйгерім иеленді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

А. Күлкібай

 «Жастар ресурстық орталығы» КММ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.