ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

0

8 қыркүйек күні аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібінде Қордай аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Д.Рысдаулеттің ауданда жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша баяндамасы тыңдалды.

 

Осыған дейін  Қордай  ауданының Қоғамдық кеңесінің 2-жартыжылдық жоспарына сәйкес Қордай ауданы полиция бөлімінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету, облыс автожолдарында апаттылықты тұрақтандыру және қала мен елді мекендердің көше-жол желілерінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстары зерделенген болатын. Баяндамашы мәлім еткендей Қордай ауданы аумағында және аудан аумағынан өтетін автожолдарда жол-көлік оқиғалары үстіміздегі жылдың 7 айында 125 тен – 124 ке  төмендеген, бірақ оқиға салдарынан қаза болғандардың саны  24,0 % жоғарлаған,  жарақат алғандар  9,7 % төмендеген. Қордай ауданы аумағында  жол қозғалысы  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында Қордай АПБ ӘПБ ЖТИТ қызметкерлері 2023 жылдың 8 айында 187 рет автожолдарда тексерулер жүргізген. Тексеру барысында 1153 шақырым қамтылып, автожолдардың жай-күйіне назар аударылып, 1036 кемшіліктер анықталды, аталған кемшіліктерді жою мақсатында жолға жауапты мекемелердің басшыларына 187 нұсқау берілген.

Баяндамашының айтуынша Қордай ауданы әкімдігінің ТҮҚШ ЖҚ және АЖ бөліміне 22 ұйғарым берілген. Сонымен қатар, Қордай ауылдық округінің әкімінің атына  32, Ауқатты ауылдық округінің әкіміне  20,  Сортөбе ауылдық округінің әкімінің атына 1 ұйғарым берілген. Сондай-ақ, жол көлік оқиғаларын алдын алуға, болдырмауға аудан аумағынан өтетін автожолдарда жол қауіпсіздік шараларын іске  асыру үшін Алға, Әлжан ана, Степной, Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ ауылдарына  жылдамдықты тіркейтін бейне-бақылау камералары  орнатылса құба-құп.

Мәселені зерделей келе кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, аталып өткен бөлім мен ауылдық округ әкімдері атына ұйғарымдардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, полиция бөлімі басшысына жол көлік қауіпсіздігін жандандыру бойынша ұсыныстарын да жеткізіп, шешім қабылдады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.