2023-2024 оқу жылында Әлжан ана ауылдағы Тұрар Рысқұлов атындағы №23 орта мектебінде мектеп оқушыларының білім сапасы мен тәрбиені арттыру мақсатында сайыс өтті. Оған Қасық ауылдық округінің әкімі Айдын Асылбек және «Ауыл жастары» атты ұйым мүшелері атсалысып, ұйымдастырды.
Алдымен сыныптар арасында білім, тәртіп, сабаққа кешікпей келу, қоғамдық іс шараларға қатысу, мектеп киім үлгісі және т.б. критерийлерін құрастырылып, мектеп әкімшілігіне табысталды. Мектеп әкімшілік мүшелері бірлесе отырып үшінші және төртінші тоқсан аралығында сыныптар арасында барлық критерийлер бойынша бақылау жүргізіліп, оқу жылы аяғында мониторинг жасады. Мониторинг барысында ең жоғары пайыз көрсеткен сынып анықталып, педагогикалық кеңесте шешім шығарылды.
Осылайша үздік атанып, жеңісті ұтып алған 11 «A» сыныбының оқушыларына 200000 теңге сертификаты табысталып, «Меркі» демалыс орнына жолдама алды.
Осы орайда оқушыларға қолдау көрсеткен ауыл әкімі Айдын Мұхитұлына және «Ауыл жастары» ұйымының әрбір мүшесіне мектеп ұжымының атынан, және де 11 «A» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Досоваға ата-аналар атынан үлкен алғыс білдіруде.