Профессор, мәдениеттанушы Молдияр Ергебеков қоғамның дамуы ең алдымен этикалық мәдениетке байланысты екенін айтты.
Оның пікірінше, мемлекет пен қоғамды қалыптастыруда адамның білімі ғана емес, этикалық мінез-құлқы шешуші рөл атқарады.
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, этикадан басталады. Егер адамның этикалық мінезі дұрыс қалыптасса, ол өз ұлтына да, қоғамға да жақсы қызмет етеді», – деді ол.