Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да этиканы сақтауы керек

0

 

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ерекше мән беріп, осы бағытта тиісті міндеттер жүктеген.

Заңгер Айгерім Құсайынқызы осы бастаманы қолдай отырып, мемлекеттік қызметкердің этикалық жауапкершілігі жұмыс уақытымен ғана шектелмейтінін айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшінің этикалық талаптары тек жұмыс орнымен шектелмейді. Мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да өзінің мәртебесі мен беделіне сай әрекет етуі қажет. Себебі олардың кез келген іс-әрекеті мемлекеттік қызметтің беделіне әсер етеді.

«Жұмыс уақыты кешкі алтыда аяқталуы мүмкін. Бірақ мемлекеттік қызметшіге қатысты репутациялық жауапкершілік тоқтамайды. Сондықтан этикалық кодекстегі іскерлік қарым-қатынас қағидаларын жұмыстан кейін де сақтау маңызды», – деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.