ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ӘРБІР АЗАМАТҚА ПАРЫЗ

0

Дін дегеніміз бір Құдайға сенушілердің ортақ ұстанымдары. Ал дәстүрлі дін дегеніміз 751 жылы Атлах шайқасынан бері келе жатқан орта Азия халқымен біте қайнасқан үлкен сенім. Біз зайырлы қоғам болғанымыз рас, алайда зайырлықтың да өзіндік межесі бар. Түрлі түсініктерден туындаған ағымдар біздің қоғамға кері әсер етуі  ықтимал. Қоғамдағы үлкен мәселе жастардың дінге деген көзқарасы жақсы. Бірақ, интернет желісіндегі түрлі уағыз, насихаттар өскелең ұрпақтың санасын басқа ағымға итермелей ме, деген күдік бар. Енді осы орайда үлкен өмірге жаңадан қадам басқан жастар ә дегенде басқа бағытқа кетіп қалмауы үшін ата-анасы мен жанашыр аға-әпкелері дәстүрлі діни көзқарасқа бағыттауы керек. Ол дегеніміз отбасы, Отан, адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, қоршаған ортаға құрметпен қарап, ысырапшылдыққа жол бермеу секілді қанымызға сіңген түсінікке баулу. Жас буын басқа діни сектаның құрбаны болмауы үшін мектеп қабырғасында оқытылатын зайырлық және дінтану пәнін тереңдетіп оқуы шарт. Біздің мемлекеттің бекіткен дін имамдары, мешіттегі дін мамандары дәстүр мен дін  тұрғысында әр жұма уағызында егжей-тегжейлі түсіндіреді. Өскелең ұрпақты және замандастарды теріс ағымнан аман алып қалудың тура жолы – дәстүр мен ғұрып, ҚМДБ рұқсат етпеген уағыз-насихатты тыңдатпау. Өйткені, ұлт болашағы әрбір азаматқа парыз.

Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.