«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ӨТЕДІ

0

5 — 19 қыркүйек аралығында Қазақстанда Астана-Түркістан бағыты бойынша «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі өтеді.

 

Қордай ауданынан екі шабандоз — команда капитаны Саймасаев Дарын және Нурбек Нұртай Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.

5 қыркүйек күні Елордадағы «Қазанат» ипподромында республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі аясында шараның салтанатты тұсаукесері өтті.

«Ұлы дала жорығы» 6 қыркүйек күні сағат 14.00-де Қаражар (Ильинка) ауылында бастау алады.

Ұзындығы 1300 шақырым болатын маршрут Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын басып өтіп, 19 қыркүйекте Түркістан қаласында өз мәресіне жетеді. Марафон 14 бөлікке (бірінші және соңғы күні 50 шақырымнан, қалған күндері 100 шақырымнан) бөлінген.

Айта кетейік, жүлде қоры — 65 млн теңгені құрайды (демеушілердің есебінен). Жеңімпаз команда – 30 млн теңге, екінші орын иегерлері – 20 млн теңге, қола жүлдегерлер — 15 млн теңге алады. Аудан намысын қорғайты шабандоздарға сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.