ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ЕРБОЛ ШЫРАҚПАЙҰЛЫ ҚАРАШӨКЕЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

 

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, экономика бакалавры және магистрі, қазіргі заманғы гуманитарлық институтты құқықтану бакалавры мамандығымен аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

1999-2001 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директорының м. а., директоры – басқарма мүшесі.

2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді.

2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры.

2007-2009 жылдары — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2010-2012 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры.

2012-2013 жылдары — «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры.

2013-2016 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы. 2021 жылғы наурыздан бастап  — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының м. а.

2021 жылдың сәуір-шілде аралығында ҚР Қаржы вице-министрі.

2021 жылғы шілдеден бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі — министрінің міндеттерін атқарушы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.