АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ БОЙЫНША

0

2023 жылғы 4 қыркүйекте Отар ауылының №263 учаскелік сайлау комиссиясының базасында Кенен және Отар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша, 5 қыркүйек күні Қалғұты ауылының №245 учаскелік сайлау комиссиясының базасында Қасық және Степной ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша семинар-тренингтер өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың төрағалығымен өткен жиында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары және мүшелері қатысты.

Семинарда  «Дауыс беруге арналған үй-жайларды, сайлау учаскесіндегі дауыс беру пунктін жарақтандыру», «Сайлау күні сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс алгоритмі», «Сайлау күні сайлау комиссиясы мүшелерінің бақылаушылармен, сенім білдірілген адамдармен және БАҚ өкілдерімен жұмысы», «Мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайларды жарақтандыру» сынды тақырыптар талқыланды.

Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау күні сайлау комиссиялары мүшелерінің әрбір әрекеті және хаттамалар жасау тәртібі бойынша түсініктемелер берді.

Семинар-тренинг соңында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «сайлау күні сайлау комиссиясының жұмысы» атты бейнероликті тамашалады.

Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.