«ҰСТАЗ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ»

0

Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Қордай аудандық филиалының жоспарына сәйкес «Ұстаз және мемлекет» тақырыбында ұстаздар қауымымен кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру саласының қазіргі даму бағыттарын талқылау, ұстаздардың қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыру, сондай-ақ педагогтерді қолдау және олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруына қажетті жағдайлар жасау мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, білім сапасын жетілдіру, сондай-ақ жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелері кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар, ұстаздардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, білім беру саласын одан әрі дамытуға бағытталған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды.

Кездесу барысында ұстаз мәртебесін арттыру, педагогтердің еңбегін қолдау және олардың қоғамдағы беделін нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Ұстаздардың жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі және бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына қосып отырған үлесі ерекше атап көрсетілді.

Іс-шара соңында ұстаздар қауымына кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық ізденіс, зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай жетістіктер тілектері білдірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.