ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0

Аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралып, ол бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Л.Мінісқұлова баяндама жасады. Бөлім басшысының орынбасары Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру, конкурс нәтижесі, жоба жеңімпаздары мен 2022 жылы аудан бойынша іске асырылатын жобалар туралы тоқталып өтті: «Аудан бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж 305 азаматтың ішінен 258 қызмет алушыға үкіметтік емес ұйымдар арқылы қызмет көрсетілуде. Атап айтқанда, бөлім арқылы 48 қызмет алушы, «Іскерлер әлемі» корпоративтік қоры арқылы 69 қызмет алушы, «Парыз» қоғамдық бірлестігі арқылы 39 қызмет алушы, «Мол Нәсіп» қоғамдық бірлестігі арқылы 98 қызмет алушы, «Сезім» қоғамдық бірлестігі арқылы 51 қызмет алушыға қызмет көрсетілуде», — деді Л.Мінісқұлова. Одан кейін күн тәртібіндегі мәселеге қатысты ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.