Қордай ауданында өрт қауіпсіздігінің алдын алу және тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауқымды рейдтік-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасарлары Жұлдызбек Бақаев пен Нұрболат Сатымқұл жетекшілік етті. Арнайы құрылған жұмыс топтары екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп, Масаншы, Сортөбе және Ауқатты ауылдық округтерін қамтыды.
Іс-шараға төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, учаскелік полиция инс-пекторлары, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, аудан жастары мен еріктілер қатысып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үйлерді аралау барысында тұрмыстық өрттің алдын алу, электр және газ құралдарын қауіпсіз пайдалану, балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Әсіресе, ауа температурасының жоғарылауына байланысты электр желілеріне түсетін жүктеменің артып отырғаны ескертіліп, жарамсыз электр сымдары мен құрылғыларын пайдаланбау, өрт қаупі жоғары кезеңде сақтық шараларын күшейу қажеттігі айтылды.
Рейд барысында тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде сақтау бойынша практикалық кеңестер берілді.