ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ

0

Әр азаматқа лайықты өмір!

«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі   Бюросының отырысы өтіп, күн тәртібіне сәйкес «Nur Otan» партиясының Қордай ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларын сайлау, құрамы және Ережелері бекітілді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық филиалының XXХ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізу кестесін бекіту мәселелері қаралды.

Енді алдағы уақытта аумақтық деңгейде «Жол картасының» белгілі бір бағыты бойынша іске асырылуы мен мониторингін қамтамасыз ету мақсатында  партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестен бөлек отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау, ұлт денсаулығы мәселелері және білім мен ғылымды дамыту, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау, өңірлерді дамыту, экологиялық кеңес, аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес жұмыс жасайтын болады. Бюро отырысында аталған кеңестердің төрағалары мен кеңес құрамы, олардың Ережелері бекітілді. Партия аудандық филиалы төрағасы Рүстем Дәулет республикалық «Жол картада» 4, ал облыстық және аудандық «Жол карталарда» дамудың негізгі 7 бағыты анықталғанын, ондағы іс-шаралардың уақтылы, әрі сапалы орындалуына тікелей жауапкершілік тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және аудандар мен қалалар әкімдеріне және әрбір іс-шара бойынша «Nur Otan» партиясының Фракциясы мүшелеріне жүктелгенін айта келе, жаңадан құрылған қоғамдық кеңес партияның сайлауалды бағдарламасы бағыттарының іске асырылуын бақылайтынын ескертті. Осында айта кетерлігі, күні кеше партия облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Жол карталарының» орындалуы бойынша  өткен кеңесте салалық орынбасарлар мен аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалып, нақты тапсырмалар берілген.  Сондай-ақ облыстық мәслихаттағы фракция отырысында да осы мәселе қаралып, бірнеше басқарма мен фракция мүшелері есеп берген. Яғни, қоғам белсенділері мен фракция мүшелерінен құрылған жаңа қоғамдық кеңеске үлкен жауапкершілік жүктелмек.

Бюро отырысында, «Nur Otan» партиясы» Қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8-тармағына сәйкес партия Қордай аудандық филиалының XХХ есеп беру-сайлау конференциясы 2021 жылғы 29 сәуірге шақырылып, оның күн тәртібіне партия Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері, партия Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесін сайлау, партия Жамбыл облыстық филиалының XXVIII есеп беру – сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер ұсынылды. Бұдан бөлек партия Қордай аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізу кестесі бекітілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.