АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы мақсат пен міндеттерді іске асыру аясында жыл сайын еліміздің білім саласына тиісті қаражаттар бөлініп, білім мекемелерінің материалды-техникалық базасы нығайтылып, қаржыландыру көлемі артып келеді.
Биылғы 2022 жылға 25 млрд 801 млн 269 мың теңге қарастырылуда.
Ауданымызда білім беретін 48 мемлекеттік мектепте 30386 оқушы және 12 бастауыш жекеменшік мектепте 1292 оқушы білім алады. Барлығы 31678 оқушы қамтылған. Аталған мектептердің 25-і мемлекеттік, 2-і ресми, 33-і мемлекеттік және ресми тілдерінде жұмыс жасайды.
Ауданда 68 мектепке дейінгі тәрбие, білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Олардың ішінде 20 мемлекеттік балабақшада 2730 бала, 43 жекеменшік балабақшада 4630 бала, 5 шағын орталықта 337 бала, яғни барлығы 7697 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған немесе 1-6 жас аралығында – 97,7%, 3-6 жас аралығында — 100 % құрауда.
Арал ауылында 180 орынға арналған жаңа мектеп құрылысын салу жұмыстары басталды. Күнбатыс-2 ауылында 150 орынға, Масаншы ауылында 600 орынға, Қалғұты ауылындағы 180 орынға арналған жаңа мектеп құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
2022 жылы білім бөлімінің нысандары бойынша үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда;
Қордай ауылындағы №1 МГ- 136 млн 918 мың теңге келісім-шарт бойынша, мердігер «Алира сервис Компани» ЖШС, Жұмысшылар саны 22 адам.
Степное ауылындағы №24 ОМ – 320 млн 136 мың теңге келісім-шарт бойынша мердігер «СервисЦентр-2007» ЖШС. Жұмысшылар саны 45 адам.
Отар ауылындағы №41 ОМ келісім-шарт бойынша – 373 млн 385 мың теңге, мердігер «Жигер-2004» ЖШС. Жұмысшылар саны 54 адам.
Үш мектептің жұмыс жүргізу мерзімі 3,5 ай. Жұмыстардың басталуы — 20 мамыр, аяқталуы — 5 қыркүйек 2022 жыл.
2021-2022 оқу жылында 11 сыныпты 1432 оқушы аяқтап, оның ішінде 24 оқушы «Алтын белгі» (№1,3,4,17,19,26,32,41,42,43,48,51 ОМ) және 20 оқушы «Үздік аттестат» (№1,2,3,4,5,20,23,32,38,39,41,43,48 ОМ) иеленді. Ал 9 сыныпты жалпы 2745 оқушы аяқтап, 76 оқушы «Үздік аттестатты» қорғады.
Қордай ауданында жалпы білім беретін мектептерде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын сапалы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысы мен бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №1 өкіміне сәйкес іске асырылуда.
2021-2022 оқу жылының соңында 1 мен 10 сынып арасындағы оқушылар саны 30607 (95,5%) (жалпы оқушы саны 32039) құрайды.
2022 жылдың 26 маусымынан бастап 48 мектеп жанындағы лагерьлерде 1 ауысымды ыстық тамақпен жоспардағы 4568 оқушы (14%) қамтылды.
Сонымен қатар, 48 мектеп жанындағы демалыс алаңдарында 16976 (90%) түрлі бағыттағы (тілдік, сурет, спорт және т.с.с.) іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, жазғы каникул кезінде 7522 (23,4%) оқушы ауылдық жерде тұратын ата-әжелерінің үйінде демалуда.
Көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларының жазғы сауықтыру демалысына облыстық бюджеттен 43,5 млн теңге қарастырылған.
2022 жылдың 13 маусыннан бастап 6 тамызға дейін Қордай ауылындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде 943 бала (850 бала білім бөлімі тарапынан, 93 бала білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының демеушілігі) сауықтыру шараларымен қамтылды.
Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалыс барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету шаралары қатар жүргізілуде.
«Балауса» сауықтыру лагерінде тұрақты 7 қызметкер, ал жаз уақытында жалпы 27 қызметкер (оның ішінде: келісім-шарт арқылы педагог кадрлар мен асхана жұмыскерлері, кіші қызметкерлер, дәрігерлер және күзетшілер) уақытша жұмыспен қамтылды.
Ал мектептердегі жалпы қауіпсіздік шараларына тоқталатын болсақ, ауданда білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік талаптарын күшейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Аудан мектептерінің барлығы 100% интернетке қосылған. Дегенмен, Бел стансасы, Керу, Соғанды, Шарбақты, Бәйтерек ауылдарындағы мектептердің интернет желісі 4 мбит/с құрап, оқу процесіне кері әсерін тигізуде.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығына сай, 2021-2022 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға бюджеттен 358 млн 041 мың теңге бөлініп, 18 баспадан 175 мың 589 дана оқулықтар алынды. Аудан мектептері 100% оқулықтармен қамтылған.
Бүгінгі күнде ауданымыздың білім беру ұйымдарында 2930 педагог жұмыс жасайды. Оның 46-ы жоғары, 116-ы бірінші, 145-і екінші, 873-і педагог-модератор, 925-і педагог-сарапшы, 441-і педагог-зерттеуші, 36-ы педагог шебер, 348-інің санаты жоқ. Педагогтерімізге үздіксіз әдістемелік көмек көрсету мен кәсіби біліктіліктерін арттырудағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа форматтағы аттестаттаудан 2930 педагогтің 77%-ы өтіп, сертификатталды.
Бала өмірінің қауіпсіздігін қамту және олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Әсіресе балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуде және олардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында аудандағы 9 мектептен тыс білім беру мекемелерінде 7329 оқушы қосымша біліммен қамтылса, мектептерде ұйымдастырылған 352 спорт секцияларына 15840 оқушы және 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі 48 спорттық үйірмелерде 1210 бала спорт секцияларымен шұғылданады. Мектептердегі түрлі үйірмелерге жалпы 28523 оқушы тартылған.
Қазіргі таңда еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту процесіндегі үздіксіздік және жүйелілік қағидаттарын іске асыру- өзекті мәселенің бірі.
Ауданда ерекше білім алуға қажеттіліктері бар 925 бала болса, оның ішінде 381 баланың мүгедектігі бар. Ал инклюзивті білім берумен қамтылған балалар саны 205 (оның ішінде 11 бала мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленуде).
2022 жылы Қордай ауылындағы №1 мектеп гимназиясына, Күнбатыс-2 ауылындағы №11 негізгі мектебіне, Степное ауылындағы №24 орта мектепке, Арал ауылындағы №25 негізгі мектепке, Масаншы ауылындағы №50 орта мектепке, Қалғұты ауылындағы жаңа №52 орта мектептерге жаңа модификациялық 18 кабинет (физика — 6, химия — 6, биология — 6), асхана құрылғылары мен жаңа сынып жиынтықтары, инклюзивті жағдай жасау мақсатында жиһаздар, бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.
Су айдындарында қауіпсіздік шараларын ұстану мен қауіпті аймақтарда балалардың шомылуына жол бермеу туралы 6 бейнеролик әзірленіп, тиісті жадынамалармен бірге аудандық білім бөлімінің сайтына орналастырылды.
Барлық 48 мектепте «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру парақтары (флаерлер) туралы арнайы стендтер ілінген.
Ағымдағы жылдың 16 наурызында жазғы шомылу маусымында облыс аумағындағы су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында білім бөлімінің жауапты мамандары үшін семинар өткізіп, семинар жұмысына қатысқан 49 маманға қажетті қолдау мен көмек көрсетілді.
Қорыта келе айтқанда, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі міндеттерін іске асыру барысында және еліміздің білім беру жүйесінде нәтижелі межеге жету үшін ауданымызда атқарылып отырған жұмыстар легі осындай. Ал болашақ ұрпаққа бәсекеге қабілетті заманауи білім мен адами құндылықтар негізіндегі беріліп отырған тәрбиенің нәтижесі болашақтың еншісінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.