2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша, Қазақстандағы жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 527,1 мың адамды құрады.

0

2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша, Қазақстандағы жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 527,1 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9% көп.
Олардың ішінде 3 602,0 мың адам (экономикадағы жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санының 79,6%) жалдамалы қызметкерлер болса, 925,1 мың адам (20,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің ең көп үлесі дәстүрлі түрде білім беру саласында шоғырланған. Бұл салада 902,2 мың әйел еңбек етеді, бұл жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санының 19,9% құрайды. Екінші орында көтерме және бөлшек сауда саласы – 877,6 мың адам (19,4%), үшінші орында денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы – 426,3 мың адам (9,4%). Сондай-ақ өнеркәсіпте 388,1 мың әйел (8,6%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 351,2 мың әйел (7,8%) жұмыспен қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.