8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

0

Гвардейск гарнизонында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік концерт өтті.

Мерекелік концерт 40-шы «Отар» әскери базасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Нұралиннің ұйымдастыруымен өткізілді. Гарнизондық офицерлер үйінде өткізілген концертті ардагер аналар мен қалашық тұрғындары тамашалады. Мерекелік кеш «Мен қазақпын» әнімен ашылып, гарнизон бастығының құттықтау бейнеролигінің көрсетілуімен басталды.
Гарнизон бастығы полковник Ержан Мейрманов ардагер аналар мен әйелдер қауымына әдемі гүл мен грамоталар табыс етті. Әскери бөлім командирлері мен әскери қызметшілер және ардагерлер кеңесінің төрағасы Таласбай Терлікбаев қонақтарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Концерттік бағдарламада тек апа-әжелер, аналар, қыз-келіншектер туралы әндер орындалды.
Айта кету керек әскери бөлімдерде қызмет атқаратын нәзік жандардың қызмет барысындағы фотосуреттері арнайы стенділерге ілініп, концерт барысында бейнеролик ретінде көрсетілді.
Сонымен қатар Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған концерт 30212, 21450, 75263 әскери бөлімдерінде ұйымдастырылып өткізілді. Атаулы әскери бөлімдер мерекелік кешті әскери бөлімде қызмет атқаратын нәзік жандарға және әскери қызметшілердің жұбайларына арнады. Концерт барысында әскери бөлімде қызмет атқаратын әйелдер қауымының фотосуреттері және олардың ұл-қыздарының аналарын құттықтау сәттері бейнеролик ретінде көрсетілді.
– Біз мерекелік іс-шараларды әрдайым ұйымдастырып тұрамыз. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік концерт керемет көңілді өтті. Қонақтар ризашылығын білдіріп, алғыс айтуда. Концертке қатысушыларға алғысымды білдіремін, оларға үлкен рахмет, – дейді подполковник Ерлан Нуралин.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.