Отар ауылдық округінде үздік спортшылар мен спорт ардагерлерін атап өту және де бұқаралық спортты дамыту мен насихаттау мақсатында, «Спорт күні» кәсіби мерекесі ресми түрде аталып өтті.
Мерекелік іс-шара қазіргі заман талабына сай заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған «Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде» ұйымдастырылды. Отар ауылының орталық көшесінде марафоннан басталған іс-шара, «Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде» жалғасын тапты. Осы күні спорт ардагері Б.Алибеков спортшыларды мерекемен құттықтап, өз сөзінде Отар ауылдық округінде спорттың айтарлықтай дамуына, бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, тұрғындардың спорттағы жетістіктерін ынталандыруға барлық жағдай жасалынып жатырғанын жеткізді.
-Отар-Гвардейский ауылдарында «Дене шынықтыру – сауықтыру кешеніндері» іске қосылып, оған келушілердің қатары еселенуде, «Жастар» паркінде шағын футбол алаңына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорт саласында жетістіктеріміз де аз емес, жылдан-жылға ауылымызда спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны артуда, — дейді ардагер.
Спорттық шара барысында дзюдо мен үстел теннисі шеберлері өздерінің демонстрациялық ойындарын көрсетіп, соңында «Отар ардагерлер құрама командаларының футболдан жолдастық кездесумен аяқталды.