Құрметті жерлестер!
Баршаңызды 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Биылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Республика күні — еліміздің басты мерекесі ретінде қайта аталып өтіледі.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деді ҚР Президенті. Осылайша, Мемлекет басшысы биыл 25 қазанды ұлттық мереке ретінде бекіту туралы заңға қол қойды.
Біз қашанда тәуелсіздікті ту етіп, бірлігімізді берік ұстаған халықпыз. Ата-бабамыз ғасырлар бойы азаттықты аңсап, егемендікке жету жолында жанын қиған батыр халықтың ұрпағымыз. Сондықтан да, бабалар аңсаған бақыт бастауы болған тәуелсіздіктің елдің баға жетпес байлығы. Ал, Республика күні тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры болмақ.
Тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген елімізді бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Біз мұны зор мақтаныш сезімімен айтамыз. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай та-
быстары орасан. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің ел болып қалыптасуына, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінде Қордай халқының қосқан үлесі зор. Қай сала да болмасын көш бастаған ауданымыздың экономикасы артып, халықтың тұрмыс деңгейі артып келеді. Бұл бірлік пен татулықтың арқасында қол жеткізген ортақ еңбек.
Құрметті жерлестер!
Бүгінде еліміз тәуелсіздіктің жаңа кезеңіне қадам басып, «Әділетті, Жаңа Қазақстан» құруға нақты бастамалар жасалуда. Осының бір айғағы – кезектен тыс Президент сайлауы. Саяси науқанға дайындық жұмыстары басталып кетті. Сіздерден ел өміріндегі маңызды қадамға бірлесе атсалысуға, қолдау білдіруге шақырамыз.
Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, Тәуелсіздігімізді сақтау, елімізді, өңірімізді өркендету жолында аянбай еңбек етейік дегім келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!