ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын!
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы тиісті заңға қол қойды. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
Бұл мереке өз елін шын сүйетін, оның тарихын мақтан тұтатын, Отанының нығаюы мен дамуы жолында аянбай еңбек еткен, өзара татулық пен түсініктік, тұрақтылық сынды асыл қасиеттерді ту еткен әрбір азамат үшін маңызды.
Бұл айшықты күн Қазақстандықтарды бір шаңырақ астына біріктіріп, бір үйдің балаларындай сезінудің тамаша мүмкіндігі. Азаттығымызды ұлықтайтын маңызды датаның салмағы зор. Сондықтан оны қастерлеп, азаттығымыз бен еркіндігімізді бағалап, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына әрқайсымыздың атсалысуымыз маңызды.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Шаңырақтарыңыз ырыс-берекеге толы болсын. Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.