ДЕПУТАТТЫҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТІ

0

Мереке қарсаңында Жамбыл облысына іс-сапармен келген ҚР Мәжілісінің депутаты Ильяс Буларов Сортөбе ауылында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара барысында халық қалаулысы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған, еліміздің көк Туын әлемдік деңгейде танытқан қордайлық спортшылар Жантұрсынов Асхат, Насыр Талғат, Люшонло Исмаил бастаған түрлі ұлт өкілінен 16 спортшыға облыс әкімінің мерекелік Алғыс хаттарын табыс етті.
«Спорт — достық пен береке — бірліктің символы! Ұлтты біріктіретін, елі мен жеріне деген патриоттық сезімін шыңдай түсетін сала. Сіздердің ел атағын әлемдік деңгейде шығаруымен қатар, ұлттар арасындағы татулықты арттыруға да өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сондықтан да облыс әкімі Сіздерге ерекше құрмет көрсетіп, мерекелік құттықтауын жолдап отыр», — деді Мәжіліс депутаты.
Мерекелік кеш ауыл өнерпаздарының патриоттық әндер концертімен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.