АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

0

24 қараша күні Астана қаласында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г. Шойкиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті.

Отырысқа Жамбыл облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелді Тажибаев, Қордай ауданы Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы — Әбдібек Сейілханов қатысты.
Жиналыс барысында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелді Тажибаев 2022 жылы облыстағы Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Облыс жұртшылығының татулық пен берекелі бірлікте өмір сүріп, көкейлеріндегі өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығару және оны тез арада шешуге ықпал еткен «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасының жұмысын республикалық деңгейде жоғары бағаланды.
Қордай ауданы Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов Қазақстан халқы Ассамблея-сының қызметіне және ел бірлігін нығайту мен Қазақстанның рухани құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік, мәдени және ақпараттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.