1. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ, үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
2. Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.
4. Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатқа ие болады.Әлеуметтік жұмыс орындары 12 (он екі) айдан аспайды.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстеме ақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылма-ған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі-АЕК) аспайды.
6. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет’’ арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті орталығына кезекті қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
1. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.
3. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады.Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі ) айдан аспайды.
4. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
5. Жұмыс беруші өтінімде мынадай мәліметтерді: Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес кәсіпті, жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, білім деңгейін, кәсіби дағдыларды, жұмыскерлердің нақты санын, бос жұмыс орындарының болуын, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігін көрсетеді.
6. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
7. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет’’арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУ
Prev Post