«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

0

1. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ, үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
2. Оқу орындарының түлектері үшін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеу ішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
3. 2 (екі) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған білім беру ұйымдары түлектері «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатыса алады.
4. «Ұрпақтар келісімшартының» жобасына қатысу мерзімі 6 айдан аспайды.
5. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
6. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет” арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына электрондық өтінім береді.
Қордай ауданы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.