Қасық ауылдық округіне қарасты Әлжан ана ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Туған жерге туың тік», «Жомарт түлек» жобалары аясында «Жастар саябағы» атты балалар алаңшасы ашылды. Осыған байланысты ұйымдастырылған салтанатты ашылудың лентасын ауыл әкімі Қарлығаш Исағұлова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жайсанбек Абдиматов, ауыл тұрғыны Серік Туғанбаев кесті. Саябақта балалар ойнайтын әткеншектер орнатылған. Көріктендіру жұмыстары жүргізілген. Саябақтың ашылуына кәсіпкерлер, ауыл тумалары мен тұрғындары атсалысқан. Бұл бастаманың бәрін ұйымдастырып, ұйытқы болған ауылдың 1982 жылы туған азаматтары екен. Ауылға тарту жасауға байланысты жобалар алдағы уақытта да жалғасын тапсын деген ниетпен эстафетаны 1983 жылғы азаматтарға берді.
Сонымен қатар, ауылда орналасқан мекеме ұжымдары мен 1985 жылы туған азаматтар киіз үйлерін тігіп, мерекені тамашалауға келген халыққа наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Мерекелік шара ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындармен жалғасты.
«ЖАСТАР САЯБАҒЫ» АШЫЛДЫ
Prev Post
Next Post