Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы бірінші ұйымдастыру сессиясының 1-3 шешімімен VIII шақырылған Қордай аудандық мәслихатының төрағасы болып депутат САДЫҚОВ НҰРДИН ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ сайланды.
Н.Садықов 1976 жылғы 29 сәуірде Қордай ауданының Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 3 жоғары білімі бар: 1997 жылы Тараз қ. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2002 жылы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін бітіріп, «Экономика» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алған, 2007 жылы – Қырғыз Республикасының Халықаралық басқару, құқық, қаржы және бизнес академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы «Назар» ЖШС директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып бастаған, «СК25К» ЖШС директоры болған, «Садыков» ЖК басқарған. 2021-2023 жж. – Қордай аудандық мәслихатының хатшысы, төрағасы.
VI-VII-VIII шақырылымдар депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.
Үйленген, бір қыз және үш ұл тәрбиелеп отыр.