БАЛДАТ – ДИПЛОМАНТ

0

Жуырда Қызылордада «Туған жер» атты халықаралық ән байқауы өтті. Сырдың талантты тумасы, композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімін ардақтаған дәстүрлі өнер бәйгесіне биыл 200-ге жуық конкурсант қатысуға ниет білдірген. Соның ішінен үздіктер іріктеліп, 28 әнші бақ сынады.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев ән әлемінің өр шыңын бағындырған тұлға. Талантты композитор 200-ден астам әннің авторы. Оның «Қарағым-ай», «Сәлем, саған туған ел!», «Қаракөзайым» секілді туындыларын бүгінде шырқамайтын қазақ жоқ.
Өнер иесін ұлықтауға арналған байқау бұрын республикалық деңгейде өтіп келсе, биыл алғаш рет халықаралық дәрежеге көтеріліп отыр. Өнер бәйгесіне отандық әншілерден бөлек, алыс-жақын шет елдерден 6 талапкер қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Конкурс талабы бойынша қатысушылар бірінші кезеңде Кеңес Дүйсекеевтің әндерін шырқады. Келесі турда әншілер өз қалауы бойынша ән айтты. Айтулы байқауға аудандық мәдениет үйінің әншісі Балдат Бейсеқожа қатысып дипломмен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.