ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

0

2023 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Педагогика және психология институтында «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ғалымдар мен педагогтардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында алғаш рет бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының байқауы өтті. Жас ғалымдардың байқауына Алматы қаласы, Алматы облысы және Жамбыл облысының оқушылары қатысты. Ал біздің ауданның намысын №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қорғады.

Қатысушылар өздерінің қызығушылықтары тудырған түрлі тақырыптағы ғылыми жобаларын ұсынды. Олардың қатарында ғылыми-зерттеу, тәжірибелер, жобалық және технологиялық өнімдер болды. Ұйымдастыру алқасының мүшелері оқушылардың жобаларын ерекшелігіне, зерттеу сапасына, презентацияның анықтығына қарай және т.б. критерийлер бойынша бағалады.
Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша, Қордай ауданынан №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Толғанай Жақсымбетова 1-орын (жетекшісі Е.Филиппова), Тимур Дудай 1-орын (жетекшісі Т.Садовская), Милана Мұхтар 2-орын (жетекшісі Е.Филиппова), Айдана Мұратбай 3-орынды (жетекшісі И.Бесхмельная) иеленіп, жүлдемен оралды. Жеңімпаздар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Қордайлық жас зерттеушілердің ұстаздары байқауда бәсекелестіктің өте жоғары болғандығын айтады. Соған қарамастан, өздерінің ғылыми қабілеттерін дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Балалардың бұл жетістіктері алдағы жеңістерінің сәтті бастамасы болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.