ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

0

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі аудан бойынша мамандандырылған кәсіпорын болып табылады, бөлімнің негізгі қызметтері – аудан бойынша жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру, кадастрлық ақпараттарды ұсыну, жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау, жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу, жылжымайтын мүлік обьектілерін мемлекеттік тіркеу.
Бөлім жерге орналастыру және жер кадастры саласында жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушыларымен тікелей келісім-шарт жасау бойынша жұмыстардың ауқымды түрлерін орындайды, соның ішінде:
-Жер телімдерін бөлу, біріктіру, нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жерге орналастыру жобаларын жасау;
— Жергілікті орнында жер телімдерінің шекараларын орнату;
— Бөлімнің жоғары білікті мамандары, заманауи жабдықтармен қамтылған мамандардың жылдар бойы жинақтаған практикалық тәжірибелері жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуына кепілдік береді.
Сонымен қатар, қазіргі кезде көптеген меншік иелері жерге орналастыру жұмыстарын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) арқылы жасап жатқандығы белгілі, аталған (ЖШС) серіктестіктері күннен күнге көбеюде және мамандарының білім деңгейі жұмысқа қабылдау кезінде арнайы бір тексерістен өтпейтіндігі белгілі. Соған байланысты жұмыс сапалары төмен болғандықтан меншік иелерінің арасында жерге орналастыру жұмыстары бойынша дау-дамай туындаған жағдайда жоғарыдағы айтылған (ЖШС) мамандары, сот процестеріне қатыспайды және оларға ешқандай жауапкершілік жүктелмейді.
Сондықтан, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін жоғарыда аталған мамандандырылған кәсіпорынға тапсырыс бере отырып жер телімдерінің бір бірімен қабаттасуы мен дау-дамайдың азаюына үлес қосатын едіңіздер.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондары арқылы толық ақпарат аласыздар: 8 (72636) 2-10-15.

Ғ. СКЕНДРҰЛЫ,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық тіркеу және кадастр бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.