ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БЕГЗАТ БОЛАТБЕКОВТЫҢ 1 МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр — баршамыз үшін ортақ Отанымызды мекендейтін халықтардың татулығы мен өзара ынтымағының мерекесі. Бұл — біздің достығымызды, бірлігіміз бен берекемізді, бейбітшілігіміз бен тұрақтылығымызды паш ететін , мемлекетіміздің қуаты көп ұлтты халқымыздың бірлігіне негізделген күні. Сондықтан да бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өзінің ең салтанатты мерекесі деп санайды.
Татулығы мен бірлігі жарасқан бейбіт елімізді бүкіл әлем танып, халықаралық деңгейдегі күрделі күштерді біріктіре білетін, жаһандық дәрежедегі іргелі істерді тындыра алатын өресі биік, өнегесі мол ел екендігін мойындады.
Еліміздегі қоғамдық келісімнің бірегей тетігі — Қазақстан халқы Ассамблеясы өркениеттер озық үлгісіне айналды. Түрлі ұт өкілдері біте қайнасқан ауданымызда барлық этномәдени орталықтарға өз салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен өнерін дамытуға, тілінің жетілуіне барлық жағдай жасалынған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлтаралық татулық — біздің ең басты құндылығымыз. Сондықтан оған сызат түсірмеуіміз керек» деп атап көрсетті. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті Қордай жерінен пана тапқан сан ұлт өкілдерінің ынтымағы ырысқа жалғасқан ауданымыздың экономикасы, әлеуметтік, мәдени салалары қарқынды дамып келеді.. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген бабалардан қалған аталы сөзге адалдық танытып, бірлігімізді бекемдей түсуіміз керек.
Қадірлі жерлестер!
Әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық тілеймін. Мерекелеріңізбен!

Leave A Reply

Your email address will not be published.