50 түп боз арша сыйға тартты

0

Кенен ауылындағы №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде «Жомарт түлек» жобасы аясында танымды кездесу болып өтті. Кездесуге аймаққа белгілі кәсіпкер, қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаты Жұмахан Кәкетаев келіп, мұғалімдер мен оқушыларға өзінің еңбек жолы, жетістікке жетудің кілті турасында ой-пікірімен бөлісіп, қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.
Жұмахан Саймасайұлы «туған жеріне туын тігіп» жүрген жан. Кенен ауылындағы қайырымдылық шаралардың үнемі басы-қасынан табылады. Ол осы жолы да сол қайырымдылық қасиетінен танған жоқ. Кездесуден кейін ауыл мектебіне 50 түп боз арша (туя) көшеттерін сыйға тартты.
Білім ошағы жанынан жайқалып өсетін ағаштарға мектеп оқушылары да қомқорлық жасап тұратын болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.