Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының орталық алаңында және Қордай ауылының орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке өнімдері нарықтағы бағадан 10-20 пайызға арзан бағада сатылды. Табиғи таза, ешбір қоспасыз жергілікті өнімге деген халықтың сұранысы қашанда жоғары.
Әрі баға тұрақтылығын сақтауда аталмыш шараның маңызы зор. Сондықтан, тұрғындар осындай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін жеткізді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Prev Post
Next Post