Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.
Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыз атынан шексіз алғыс білдіреміз.
Барша әлем үшiн бүгiнгi және болашақ ұрпақ үшiн майдангерлер мен тыл еңбеккерлерiнiң жауынгерлiк ерлiгi қасиеттi, әрi мәңгiлiк. Тәуелсiздiк пен еркiндiк кез келген мемлекетке бұйырмаған. Ғасырлар бойы тәуелсiздiк үшiн батыр бабаларымыз жанын қиып, бостандық үшiн қанын төктi. Осы күресте Ұлы Отан соғысы жылдары жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерi маңызды рөл атқарды.
Ұлы Отан соғысынының әкелген үлкен сынағы барлық ұлттардың тұтастығының ұлылығын көрсеттi. Бiздiң жерлестерiмiз де Жеңiс тұғырына ту тiгуге үлкен үлестерiн қосты. Кеңес Одағы Батырлары қатарында бiздiң жерлестерiмiз де бар. Олардың есiмдерi ұмытылмайды.
Бейбiт елдiң ашық аспан үшiн бас иiп, шексiз алғысымызды бiлдiремiз. Елiнiң бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн жанын қиған жауынгерлердiң есiмi ешқашан ұмытылмайды!
Осындай батыр бабалары мен ержүрек батырлары бар қазақ елі бүгінгі таңда бейбітшіліктің алтын ордасына айналып, бірлікте өмір сүруде. Біздің бүгінгі жеткен әрбір жетістігіміз — достығы мен ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекетіміздің татулығы мен бірлігінде жатыр. Сондықтан да осындай еліміздің ертеңі мен тірегі – жастарымыз достық пен бірлік атты бағалы байлығымызды жоғалтпай, батыр бабалардың ізін жалғастырады деген сенім мол.
Құрметті жерлестер, тыл еңбеккерлері!
Сіздердің ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы бейбіт күнде өмір сүруде. Сіздерге мың алғыс!
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні.
«Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Отан қорғау – қасиетті ұғым. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.
Киелі өңіріміз талай батырлар мен бағландардың Отаны болғаны баршаға аян.
Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Баршаңызды алда келе жатқан қос мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.