ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӨТЕГЕН АУЫЛЫНЫҢ АТАУЫН «ӨТЕГЕН БАТЫР» АУЫЛЫ ДЕП ҚАЙТА АТАУ ТУРАЛЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ №1 ХАТТАМАСЫ

0

Өтеген ауылы
22.05.2023 ж
сағат 15.00
Жиналыс төрағасы: Р.Жасыбаева
Жиналыс хатшысы: Н.Ахмет
Жиналысқа қатысқандар:
1) жергілікті қоғамдастық мүшесі -7 адам,
2) Өтеген ауылының тұрғындары-29 адам

Күн тәртібінде:

Қарасу ауылдық округі Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта атау туралы.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Р.Жасыбаева және Ж.Әлхан сөз сөйледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі Р.Жасыбаева: Өтеген ауылының тұрғындарынан 29 тұрғын қатысып отыр және 7 қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.
23.01.2023 жылы Қордай ауданының әкіміне «Өтеген батыр қазынасы» қоғамдық қайырымдылық қоры және Өтеген ауылының тұрғындары Қарасу ауылдық округі Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта атау туралы қайырылған болатын.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта атау туралы жиын өткізіп отырмыз. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Ж.Әлхан: ауыл әкімі Жасыбаева Рая Тұрғанқызының айтқанындай 23.01.2023 жылы Қордай ауданының әкіміне «Өтеген батыр қазынасы» қоғамдық қайырымдылық қоры және Өтеген ауылының тұрғындары Қарасу ауылдық округі Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта атау туралы қайырылған болатынбыз.
Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта атау дұрыс деп санаймын. Ауыл тұрғындарының атынан бір ауыздан қолдайтынымызды білдіреміз.
Қарасу ауылдық округінің әкімі Р.Жасыбаева: «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
Қарсы- жоқ.
Қалыс –жоқ.
Қолдағандар саны -29 адам.

Жиналыс төрайымы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта атау туралы ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

Жиынның шешімі:

1. Қарасу ауылдық округі Өтеген ауылының атауын «Өтеген батыр» ауылы деп қайта аталсын.
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы отырысында қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

Жиын төрағасы Р.Жасыбаева

Жиын хатшы Н.Ахмет

Leave A Reply

Your email address will not be published.