АНА МЕН БАЛА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

0

№1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы болып өтті. Бұл жиын әдеттегідей жиналыс емес, ата-аналармен тренинг сабақ, ойын форматтарында болғанымен ерекшеленді. 5 «ә» сыныбының сынып жетекшісі Толғанай Кенжебаеваның ұйымдастыруымен өткен ата-аналар жиналысы жайында толығырақ тоқтала өтсек.

«Ата-ана мен бала қарым-қатынасы» басты тақырып болып, баланы тәрбиелеуде және қалыптастыруда ата-ананың маңызы көрсетіліп, тәрбиедегі теріс жақтарды көре білуге үйретті. Сынып жетекші ретіндегі тәжірибесі мол екені жағымды, жайлы ахуал құра білгенінен де, мейірімді қарым-қатынасынан да, балаға жан жылулығын дарыта білгенінен де аңғарылып тұрды.
Тақырып кеңінен ашылып, емін-еркін ойлар айтылды. Тренингке қатысушылар мұғалім рөліне еніп, оқушы ретінде сезініп, мұғалім міндетін атқарып көрді. Одан кейін ой сергітетін сұрақтар қойылып, тренинг тақырыбы талқыланды. Осылайша тренинг сабақ ата-аналар үй жұмысына қаншалықты көңіл аударатыны турасында жалғасын тапты.
Бұл жиналыстан өзімізге қажетімізді ала білдік. Жиналыс дегенге ескіше әдіспен ұрыс естиміз бе деген оймен келгеніміз рас. Бірақ бұл біз күтпеген тренинг болып шықты. Ерекше емін-еркін форматта өткен ата-аналар тренинг сабағы өзге де мұғалімдерге үлгі болары сөзсіз.
Осы жиналыста бала жанына жара салуы мүмкін, өмірде маңызды болатын біз аңғара бермейтін кейбір мәселелер талқыланып, жеке тұлға тәрбиесінде оның болашақ өміріне, психологиясына үлкен нұқсан келетінін аңғара бермейтінімізді ұқтық.
Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырып өткізген, бізді дүр сілкіндіріп, қателіктерімізді өзімізге көрсетіп бере білген Толғанай Шерахметқызына зор алғысымызды білдіреміз.

5 «ә» сынып ата-аналары

Leave A Reply

Your email address will not be published.