«Діни қызмет және діни бірлестікер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 7-тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы 89 бұйрығымен бекітілген арнайы жасалған нұсқаулықпен) діни мазмұндағы заттарды сататын дүкендерді, намазханалар мен құлшылық үйлерін тіркейтіндігін мәлімдейміз.
Ескере кететін жайт: діни заттарды сату дүкенін, намазхана немесе құлшылық үйін ашу талаптарына сәйкес, мекеме, темір жол және автобекет, әуежайлар мер порттарды және діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумақтары мен ғимараттардан (оларға іргелес аумақтар болмаған жағдайда) 300 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.
Бұдан бөлек, мекеменің жалпы ауданы 20 шаршы метрден бастап 100 шаршы метрге дейін, дәрет алу үшін қажетті санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық саладағы нормативтік құқықтық актілерге сай келуі мен бейнекамералармен жабдықталуы керек.
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, яғни, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды тіркеусіз өткізу; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды «заңсыз» әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару немесе тарату фактісі анықталған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 490-бабына сәйкес, мекеменің қызметін үш айға тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын хабарлаймыз.
Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Қордай ауданы бойынша арнайы бөлімі