ХАБАРЛАНДЫРУ

0

2023 жылғы 4 шілде күні өткізу уақыты қоса берілген кестеге сәйкес Степной ауылдық мәдениет үйінде Степной ауылдық округі және Степной ауылының атауларын қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауылдық округ тұрғындарының жиналысына шақырамыз.
Степной ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшелері мен тұрғындарының жиынын өткізу кестесі
№ Көше атауы Уақыты
1 Тамаша, Қазына, Өндіріс, Бәйшешек сағат 10:00
2 Поляков, Жасұлан, Саябақ, Жеңістің 40 жылдығы сағат 11:00
3 Абай, Аспетов, Шу, Кириллов сағат 12:00
4 Батыс, Жасыл ел, Киелісай, Игілік сағат 14:00
5 Көксай, Суранчиев, Саяхат, Білім сағат 15:00
6 Бабахчиев, Өтеген, Сарымолдаев, Т.Рысқұлов сағат 16:00
7 Бақ, Божко, Б.Момышұлы, Қошқарбаев сағат 17:00
8 Жаңақоныс, Жаңақұрылыс, Тыңдала, Ұста, Оңтүстік, Жетіген сағат 18:00

АНЫҚТАМА
Өзіндік идеологиясы мен саяси бағыты бар егеменді республиканың, тәуелсіздік негіздерін одан әрі нығайту, Кеңес Одағы кезінде берілген ескі атауларды ауыстыру мақсатында тұрғындардан Степной ауылдық округі мен Степной ауылының атауларын қайта атау туралы ұсыныстар түсіп, «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының» негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Степной ауылы 1932 жылы құрылған. Аумағы 7417 гектарды құрайды. Округке 3 елді мекен кіреді. Облыс орталығынан 312 шақырымда, аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Округте жалпы көше саны-34 (Степной ауылында -20, Арал ауылында -8, Қалғұты ауылында — 6 көше).
Ауылдық округ бойынша 974 аула, 6405 адам бар. Округте 12-ден аса ұлт өкілдері тұрады.
Округ аумағында 2 мешіт, 1 АТС, 2 казпошта торабы, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 2 мемлекеттік және 1 жеке меншік мектеп, 3 жеке меншік балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 1 ЖШС, 20 дүкен, 213 шаруа қожалық орналасқан.

Степной ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.