ҚЫЗЫЛША – кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38-40°C дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабынуы, теріде бөртпе пайда болуы сынды белгілермен сипатталады.
Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қауіпі өте жоғары.
Негізгі белгілері: басынан бастап таралатын, дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін бүкіл денеге бөртпелер шығуы; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қосымша ауыр аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғанудың жолы – вакцинация. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Вакцинациялау үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы компонентпен біріктіріледі. Елде ККП-нің жеткілікті көлемі бар.
Халыққа ұсынымдар:
– ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация жасалмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
– талаураған құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде дәрігерге барып, қызылша ауруына тексеруден өтіп, оның барлық нұсқауларын орындау қажет.
ҚР ДСМ және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 14 наурыздағы “Қазақстан Республикасында қызылша жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы” №1 Қаулысына сәйкес шетелдік азаматтарды қоса алғанда ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл вакцинация және ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялауға жатады.
Индира Құдайбердиева, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы