ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ КҮШЕЙДІ

0

Мемлекет басшысы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, онымен күресті қатаңдату қажеттігін баса айтқан болатын. Президент өз сөзінде: «Қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет»,-деген-ді.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтардың жауапкершілігін қатаңдату туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі әкімшілік және қылмыстық кодекстерге бірқатар түзетулер әзірледі. Заңнамалық түзетулер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске (бұдан әрі ӘҚБтК) енгізілген түзетулер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында іске асырылады.

ӘҚБтК-нің бірқатар нормаларын өзгертуді қарастыратын Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар ӘҚБтК 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), ӘҚБтК 73-1-бабы 1-1 бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және ӘҚБтК 73-2-бабы 1-1 бөлігі (ұрып-соғу) бойынша құқық бұзушылықтар оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді, яғни аталған фактілер орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатын болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2023 жылдың 30 маусымда ӘҚБтК-нің бірқатар нормаларына өзгертулер енгізілді.

P.S: Тұрмыстық зорлық — зомбылықтан зардап шеккендерге арналған ұлттық сенім телефоны (ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ) – 150

Е.БЕКҚҰЛОВ, Қордай аудандық ПБ ЖПҚБ басшысы, полиция подполковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.