«СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМА ТОЛТЫРУ»

0

Сот жүйесінде де дауды сотқа дейін шешу, тараптарды татуластыру рәсімдері ерекше орын алуда. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР АПК-не енгізілген «Сотқа дейінгі хаттама» жаңа институты қолданысқа енді. Бұл – тараптар арасындағы дауды сот процестерінсіз, яғни соттан тыс тәртіппен шешудің үлкен бір мүмкіндігі.

 

Жалпы, «сотқа дейінгі хаттама» жобасының қарастырылуы тараптарды ортақ келісімге келу мәселесіне заңды тұрғыда жан-жақты мән берілгенін көрсетеді.

Қалыпты кездегі талап қоюлар бес жұмыс күні ішінде қабылданса, мұндай жағдайда талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі хаттаманы толтыра отырып, татуласуға келу, татуласу рәсімін қолдану – тараптар арасындағы моральдық және материалдық шығындардың азайып, сот арқылы даудың нәтижесін пайымдауға, уақытын үнемдеуге, дау-жанжалсыз өзара ортақ шешім тауып, қарым-қатынастың жақсы жаққа бет бұруына әкеледі.

Сотқа дейінгі хаттаманы тараптардың өздері де, медиаторлар мен адвокатқа жүгіну арқылы да жасауға болады, онда тараптар бір-біріне дәлелдемелерді ашып, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқаларын ұсына алады.

Г.Ашықбаева, Қордай аудандық соты әкімшісінің

бас маманы –  сот мәжілісінің хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.