Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез-келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр.
Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлық заманның ағысымен өсіп келе жатқан, мол қаражат болған жерге тамырын тереңінен жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қоғамдық дерт. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдарының міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтың парызы. Бүкіл халық болып, жемқорлықтың алдын алсақ қана тоқтатуға болады. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Бүгінде барлық мекемелерде сенім телефондары жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қолжетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.
Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.
А.Заурбаева, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы