2023 жылғы «29» тамыз №06
Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2023 жылғы 29 қазанға тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
- Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Округтік сайлау комиссиясы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын және Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы А.Сырлыбаев
Комиссия хатшысы Г.Абишева