Өмірбаян
Ашимова Айман Серікқызы, Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қордай ауылында тұрады. Өмір мен еңбек жолы осы өңірмен тығыз байланысты.
1999 жылы И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «бизнес және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесін алған. 2023 жылдың қараша айынан бастап «ӘДІЛЕТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатын басқарып, өңірдегі әйелдермен жұмысты ұйымдастырып, олардың экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді.
Қордай аудандық мәслихатының үш шақырылымның (2012–2023 жж.) депутаты болып сайланған, Жамбыл облыстық мәслихатының VIII шақырылымдағы депутаты болған.
Еңбек жолын 2007 жылы кәсіпкерлік саласында бастап, «Бай-Нұр» шаруа қожалығын құрған. Бүгінгі күнге дейін аталған шаруашылыққа жетекшілік етіп келеді. Шаруашылық ет бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады.
Көпжылдық еңбек тәжірибесінің нәтижесінде ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлік қожалықтарды қолдау, жер қатынастары, суармалы сумен қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында мол тәжірибе жинақтаған. Ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және аграрлық кәсіпкерлікті дамытуға белсене атсалысып келеді.
Ауыл шаруашылығын өркендету, ауыл еңбеккерлерін қолдау және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды басты міндеттерімнің бірі деп санайды.
Сайлауалды бағдарламасы
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
№13 сайлау округінің аумағындағы жолдардың жөндеуді қажет ететін учаскелерін толықтай ретке келтіруге ықпал ету. Көше-жол желісіне кезең-кезеңімен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолжеткізу. Елдімекен ішіндегі көлік қатынасын жақсарту, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және жолдардың жыл бойы сапалы күтіп ұсталуына жәрдемдесу.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
№13 округ аумағында ауызсумен жабдықтау мәселелерін түбегейлі шешу, тозған инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңарту. Тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ елдімекендердің көшелерін жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында №13 округ тұрғындарына жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Тұрғындар үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға басымдық беру.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
№13 округ тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуге арналған арнайы сауда алаңын құруға жәрдемдесу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
№13 округте шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу. Тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал ету.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
№13 округ аумағында медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, елді мекендерге медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
№13 округтегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, білім сапасы мен оқушыларға қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында №13 округтегі елді мекендерді абаттандыру, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық демалыс орындарын құруға және ауылдардың тазалығы мен көркеюіне басымдық беру.