ТҰРҒЫНДАР СҰРАУЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

0

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың дені тұрғын үй мәселесін көтерді. Аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңдылығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

 

Бегзат Болатбеков тұрғын үй қажеттілігіне байланысты жүгінген адамдардың өтінішіне сәйкес жауапты басшыларға олардың баспана кезегіне тұруын қадағалап, мүмкіндігінше қосымша көмек көрсетуді бұйырды. Сонымен қатар, қабылдауда Қарасу ауылындағы газдандыру мәселесі, Қордайдағы Шурина көшесін жөндеу және жарықтандыру және де өзге сұрақтар көтерілді. Аудан әкімі бұл жағдайлардың бәрінен хабардар екенін айтып, бүгінгі күнде жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндіріп өтті. Мәселен, Шурина көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарда бар екен.

Қоғамдық қабылдауда қараусыз қалған ит-мысықтарға арналған тұрақжай салуға жер бөлуді сұраған азамат болды. Бұл мақсатқа арнайы жер телімі бөлінгені, оның заң аясында аукцион арқылы берілетіні айтылды.

Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әр өтініш бойынша салалық орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мәселелерді басты назарда ұстауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.