АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ»

0

Еліміз егемендігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде алған асуларымыз жетерлік. Ол, әрине, елдегі татулық пен бірліктің арқасы. Себебі бірлік пен бейбітшілік болмаған жерде тәуелсіздік бағы да баянды болмайды.

 

Елдегі осы бір бейбітшілік пен келісімге себепші болып отырған бірден-бір орган бар. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бүгінгі таңда Қазақстанның этносаралық саясаты әлемге үлгі болып отыр. Әлем қауымдастығы жоғары бағалап отыр. Әсіресе ұйым жанынан құрылған ерікті жастар қозғалысының қоғамға тигізіп келе жатқан пайдасы зор. Соңғы жылдың ішінде ғана ауыз толтырып айтарлық жұмыстарды жүзеге асырған облыс орталығындағы «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі тындырымды тірлігімен көпшілікті таңғалдырып келеді.

Түрлі этнос өкілдерінің достық, белсенді азаматтық патриотизм және Қазақстанға деген сүйіспеншілік үлгілерін көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың ішінде этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының қатысуымен «Қыран елім – Қазақстан» республикалық жобасы аясында «Ассамблея жастары» РҚБ қатысуымен «Таза табиғат» жалпы республикалық экологиялық акциясы, ҚХА еріктілері мен қайырымдыларының «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы, өзге этностардың мемлекеттік тіл мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі мен құрметтейтінін көрсететін қазақстандық этностардың қатысуымен «Сен деп соғар жүрегім» патриоттық челленджі, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этникалық топтар өкілдерінің «Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының қатысуымен Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындау, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен түсірілген «Тал ек!», «Кітап сыйла!» іс-шаралары өткізілген еді.

Сондай-ақ өткен жылдың 14 қазанында жастарға кеңес беру мақсатында Достық үйінде білім беру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік салаларындағы жастарға арналған қолданыстағы бағдарламалар, жобалар және басқа да мүмкіндіктер туралы (жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен) хабардар ету мақсатында Жамбыл облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Сенімен болашақ» РҚБ және «Ассамблея жастары» РҚБ бірлесіп «Кеңес беру алаңына» қала жастары шақырылды. Шараға 40-тан астам жас қамтылды. Кездесуге келген жастар қолданыстағы бағдарламалар, жобалар, білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік салаларындағы бағыттар туралы біле алды. Ал бірлік пен татулықтың құндылықтарын нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 25 қазанында «Қыран елім – Қазақстаным» жобасы аясында «Сен деп соғар жүрегім» акциясын ұйымдастырды. Шараға облыс жастарын тарта отырып, патриоттық челлендждер сериясын іске қосты. Акция барысында өңірдің бір топ жастары – «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері түрлі тақырыптағы акцияларға белсене қатысты.

Сондай-ақ осы жылдың 23 қарашасында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері, «Әділдік жолы» РҚБ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Н.Жұбандықова, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдері қатысты.

Желтоқсан айында Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері ҚР АҚДМ, «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған «Ел бірлігі» «Тик-ток хаус» жобасына қатысты. Жамбылдық тик-токерлер командасында 8 қатысушы, олардың арасында біздің өңірдің «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері де болды. Жоба барысында блогерлер жалпы мазмұны бар қысқа бейнероликтер түсіріп, оларды #qogam_life ортақ хэштегімен «Тik-tok» желісінің парақшаларына орналастырды. Біздің аймақтың тик-токерлері түсірген бейнероликтер үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да өзінің лайықты жалғасын табуда. Мәселен, жастарды этносаралық жобаларды іске асыруға тарту бойынша өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі 2023 жылдың 1 тоқсанында 16 іс-шара өткізіп, 670 жас қамтылды. Бірнеше жобаларды іске асырды. Қайырымдылық, экологиялық, донорлық акциялар жүргізді.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ «Жасыл Тараз» қызметкерлеріне ыстық шай, бауырсақ және тәттілер таратты. Қайырымды іс-шара «Жылу» акциясы аясында өтті.

Шара барысында аталмыш қоғамдық бірлестіктің жастары қолдарына күрек алып, қала қарын тазалауға кірісіп кетті. Акция мақсаты – таңғы ұйқысын бөліп, қаламыздың көркеюіне атсалысып жүрген жандарға қыстың қатулы күндерін сәл де болса жылыту.

Жастар ұйымдарының қатысуымен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында тұрақты жұмыс жүргізе отырып, республикалық және халықаралық мәдени-ағартушылық жобаларды ілгерілету мақсатында Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» республикалық-қоғамдық бірлестігінің жастары қаңтар айының 27 күні «Қоғамдық келісім» КММ-де «Этно-Party» өткізді. Бұл байқаудың ерекшелігі этнос өкілдері жеребе арқылы өздеріне түскен этнос өкілінің ұлттық киімін киіп, тағамын даярлап, этникалық топқа байланысты музыкалық нөмірді орындайды. Бұл жоба «Тик-ток» және «Инстаграм» әлеуметтік желісіне орналастырылды.

Түркияда орын алған төтенше жағдайға байланысты Жамбыл жұртшылығы гуманитарлық көмек ұйымдастырған болатын. Тараз қаласында сол жиналған заттай көмекті жөнелтуге атсалысқандар қарасы қалың болды. Олардың қатарында республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалы жастары да бар. Шамамен 7-8 жүк көлігін құрайтын гуманитарлық көмек жөнелтілуге үлестерін қосты.

Жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және консультация беруге бағытталған жобаларды «Ассамблея жастары» өкілдерімен бірлесе жүзеге асыру бойынша 21 ақпан күні Тараз қаласы «Skif» сауда орталығында Жастар ресурстық орталығы және «Ассамблея жастары» РҚБ түрлі сала бойынша кеңес беру алаңын өткізді. Шара барасында жұмыспен қамту, жер мәселесі, алық мәселесі, жастарды тұрғын үймен қамту мәселелері бойынша сала мамандары тарапынан ақпарат және консультация берілді. Шараға 60 жас қамтылды.

Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Алғыс айтам бәріне» челленджін жасады. Құттықтау челленджі «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жүргізілді.

Сонымен қатар «Ассамблея жастары» РҚБ басшылары Қордай ауданының ауыл жастарымен кездесті. Масаншы, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарында жастармен мотивациялық кездесулер өтті. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымының көшбасшылары жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, Ассамблея жобаларына қатысудың әлеуметтік мүмкіндіктерін ұсынды. Аталған іс-шаралар Жамбыл облысы әкімдігінің және Қазақстанның дүнген этномәдени бірлестігінің қолдауымен өтті. Өңірдегі шаралар «Қазақ халқына мың алғысы» ескерткішінің аллеясына ағаш отырғызудан басталды. Жастармен кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Т.Жұмырбаев, Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Махусеев, Қазақстанның ұйғыр жастар одағының төрағасы Р.Қайрыев және журналист, «Қазақша Speaking Club» жобасының авторы О.Спирина қатысты.

Ал қасиетті Рамазан айының қарсаңында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ «Ізгілік айы» акциясы аясында ораза ұстаған қала тұрғындарына су мен құрма таратып, қасиетті мерекемен құттықтады. Акцияға қатысқан 7 жас 100-ге жуық су мен құрма таратты.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өңірлік ҚХА құрылымдарының өкілдері де қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға қатысты жомарт меценат Дамир Ташқараев жәрдемге мұқтаж адамдарға тегін тарату үшін барлығы 1 тонна форель балығын берген еді. Осы мөлшердегі қызыл балықтан 30-ға жуық балық салынған қорапшалар Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы мен спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатқа табысталды.

Сондай-ақ 2023 жылдың 5 мамыры күні де жақсылық жасауға келгенде алдына жан салмайтын Ассамблея жастары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға да форель балықтарын жеткізді.

Осы күні Тараз қаласында Жамбыл облысының ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ Жеңіс күні мейрамы қарсаңында «Отан үшін от кешкендер» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті. Атап айтқанда, үш ардагердің үйіне барып, оларға арнайы сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін айтып, қарияларға шаттық сыйлай білген елгезек жастарымыз әр ардагердің сұрапыл соғыстағы жорығы, бастан өткерген естеліктері туралы да азды-көпті хабардар болып қайтты.

Сондай-ақ Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай облыстық этномәдени бірлестік мүшелері арасында кіші футболдан қалалық турнир өтті. Дүбірлі додаға 10 команда қатысты. «Ассамблея жастар» да аталған турнирде командалар қатарын толықтырды. Турнир қорытындысы бойынша «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының футболшылары I орынды иеленді. Ал облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің спортшылары II орынды алса, III орынды «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігі қанағат тұтты. Жарыстағы көрсеткіштеріне қарай ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар берілді.

26 мамыр күні Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен жалпыұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайту саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша жиналыс өтті. Осыған орай басқа өңірлердегідей Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облыстық ҚХА мен этномәдени бірлестіктер, Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінен 30-ға жуық адам жиналып, аталмыш жиынға ZOOM байланысы арқылы қатысты. Жиында бірқатар тармақтардан тұратын ҚХА-ның қызметіне қатысты әдістемелік ұсынымдар туралы сөз болды.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-де «Болашақ үшін естелік» тақырыбында шара өтті. Оған ҚХА өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай қаладағы бүлдіршіндерге балмұздақтар таратты. Бұл шараның негізі мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Айта керу керек, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелерінің қайырымдылық акциялары өз жалғасын табады.

Осыдан 31 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми бекітіліп, мемлекеттігіміздің айшықты белгісіне айналған болатын. Осы айтулы күнге орай Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея жастары» РҚБ-ның Мемлекттік рәміздер күнінің 31 жылдығына арнап роликтер дайындады. Сонымен қатар «Мен Қазақстанның азаматымын» республикалық челленджіне қатысты.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі этнос жастары арасында тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттауға арналған интеллектуалды «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты облыстық квест өткізілді. Іс-шара ксенофобия мен кемсітушіліктің алдын алуға бағытталды. Қатысушылар қатарында өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері де болды. Олар квест бойынша көзделген түрлі ойындарға қатысып, шара барысында өздерінің белсенділігі, ұйымшылдығы, ерек шығармашылығымен танылды. Топ ішінде түрлі келеңсіз жағдайларда тығырықтан жол тауып, дұрыс шешім таба білу дағдыларымен татулық пен бірліктің жаршылары ретінде де ерекшелене білді. Сондай-ақ киім кию стильдері де лайықты бағаланды. Нәтижесінде, бұл талпыныстары игілікті жеңіске әкелді.

Бұдан бөлек, 20 қыркүйек күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының “Достық керуені” жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ облыстық ҚХА құрылымдарымен бірлесіп Қордай ауданында болып қайтты. Жоба аясында Қордай ауданы Қарасу ауылы А. Пушкин атындағы №7 орта мектеп және Ауқаты ауылы Ә.Бөкейханов атындағы №9 орта мектеп жоғары сынып оқушыларымен «time building» жұмыстарын жүргізді. Шара барысында облыстық ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Р.Ерханұлы жобаның мақсат міндеттері туралы жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бірлестіктің белсенді жастары ҚХА құрлымдары және «Ассамблея жастары» РҚБ 6 бағыты және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Іс-шара соңында аудан жастарымен пікір алмасып ұсыныстар мер қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Жалпы алғанда, облыс орталығындағы игі істердің басы-қасында жүрген «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі мұнымен шектелмейді. Өңірлік бастамалар да өте маңызды және осы жылдар ішінде жер-жерлерде қызықты жобалар іске асқанын көріп отырмыз. Алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралары да жетерлік.

Бибігүл ШАХЗАДА,

«Қоғамдық келісім» мекемесінің

баспасөз хатшысы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.