Қордай ауданы білім бөлімі және Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен шахматтан ашық турнир өтті. 1-6 сыныптың ұлдары мен қыздары арасында өткен турнирге ауданның 8 мектебі белсене қатысты. Бас төреші қызметін шығармашылық орталықтың педагогі Мерген Кубанычбекұлы атқарды.
Ақыл-ойды дамытатын тартымды ойында командалар өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, жалпыкомандалық I-орынды №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп лицейі жеңіп алса, II- орынға №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы ие болды. Жүлделі III-орынды №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп иеленді. Сондай- ақ, үздік ойын көрсеткен балалар да марапқа ие болды. Байқау жаңадан ашылған “Ат жүрісі” шахмат мектебінде өткенін атап өткен жөн.