Ішкі мемлекеттік аудит

0

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың тоғыз айдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарының нәтижесі.

Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 69 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 18, жоспардан тыс-51,  оның ішінде: 7 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 44 — заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 67 нысанда жалпы сомасы 10 852,9 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде:  1 995,3 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 8 857,6 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 8 166,2 млн.теңге.

Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1 995,3 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 1 296,8 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 65,0 пайызды құрады.

Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 89 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 35 әкімшілік материал салу – 6,6 млн.теңге, өндірілгені – 6,6 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады.

Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының  жалпы сомасы 646,8 млн.теңгені құрайтын 8 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2023 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 4 119,4 млн.теңгені құрайтын 16 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.

М.Егембердиев, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.